|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

МАҢҒЫСТАУ – ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ КӨШІНІҢ КӨЛКТІК ЖОЛЫ

Ақтаудағы №1 мектептің оқушысы Эльданиз Гусейнованың  «Алтынқазған: Маңғыстаудың  ежелгі тайпаларының діні мен салт жоралары» ғылыми жобасы «Ресей-Қазақстан: шексіз ғылым»атты  Мәскеу халықаралық сайысында 1-орын алды.  

Маңғыстаудың  «мың көш өлкесі» деп аталуы кездейсоқ емес. Маңғышлақ түбегі арқылы Ұлы Жібек жолы өткендігі ешкімге күмән тудырмайды. Археологтардың жаңа  олжасы халықтың Ұлы көшуі біздің өлкеміз арқылы жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Соның бір дәлелі  Алтынқазған діни-жерлеу кешені, Қазақстанда басқа ұқсас кешен жоқ. Сонымен бірге табылған артефактар Поволжья, Предкавказья және Солтүстік Причерноморья аумағында зерттелген ескерткіштермен бірдей.   Алтынқазғанды зерттеген археологтар оны б.д.дейінгі  І ғ. жатқызады. Ескерткіштің негізгі түбінің пайда болу уақыты халықтың Ұлы көшуімен байланысты.  Ескерткіш аз зерттелген, бірақ бірегей ерекшелігімен тартады.

Алтынқазғанды зерттеу 2010 жылы басталды. Кездейсоқ Маңғыстаулық өлкетанушы күміс ер-тоқымның қалдықтарын тапты. Олжаны жасырып қалмай, Маңғыстаудың белгілі археологы А.Астафьевке тапсырды. Бастапқы қазба жұмыстары 2013-2014 жылдары новосібір археологы Е.Богдановпен бірге А.Астафьевтің басшылығымен ұйымдастырылды. Қазба жұмыстары үстінде анықталғаны, кешеннің 130 га аумағында 200-ден аса нысан  орналасқан, оның 113 құрбандық құрылыстар. «Алтынқазған стилі» деп аталатын  стилде жартылай түбіне қазылған құмдақ плиткадан төселген, тікбұрышты немесе таға тәріздес  құрбандық құрылыстар кездеседі.

Алтынқазғанның басты олжасы күміс «парадное» ер-тоқымы,  діни-жерлеу кешенінің құрылысы мен басқа олжалардың ішінен өзгешесі.  Мерзімі б.д. І ғ., жақсы сақталған ер, тұрмыста оның қолданылмағанын дәлелдейді.  Ердегі таңбаларды зерттеу, оның  діни жерлеуге арналғанын көрсетті.  Таңбалардың «екінші кезектегі» кейіпкердің бас жағында орналасуы ер иесінің байлығы мен қажырлығын көрсетеді.

Қазба жұмыстары кезінде металлодетектор арқылы  20-30 см тереңдікте үш қазына, көп көлемде беттері жұқалтырмен капталған Күн тәріздес мыс  түймелер мен тиындар, алтын жалатылған тоға, жебенің ұшы, янтармен безендірілген дөңгелек пішінді фалар, бес қырлы сақиналар және т.б. табылды.  Осының барлығы құрбандық сыйлықтар болу мүмкін. Бұл қазбалардың артефактары маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы. Екі қабір ашылған болатын.

Біріншісі жобамен б.з. 5-6 ғ. - үңгір типті жас әйел мен бір жасар баланың қабірі, ал екіншісі - жасөспірім мен әскери атының қабірі - мерзімі б.з. 10 ғ. Жерленгендер болжаммен алан тегінен шыққан. Алтынқазған бір ғасыр бойы қызмет еткені археологтармен анықталған. (жобамен б.з.д. 1 ғ.-дан б.з. 11 ғ.-на дейін). Өкінішке орай, діни-жерлеу кешенін толығымен зерттеу үшін, 2013-2015 жж. өткізілген қазба жұмыстары жеткіліксіз болды. Белгілі болғандай, әлсіз қаржыландыру қара археологияны қолдаумен тең, өлкенің тарихи дәулетін жоғалтуына апарады. Әрине, Алтынқазған тарихының жаңалықтарын ашу және онымен байланысты барлық болжамдарды дәлелдеу, көшпенді халықтың тарихы мен мәдениетінің ажырамайтын бөлігі болып, «Қазақстан энциклопедиясына» енеді,  бұл туралы біздің Елбасымыз «100 нақты қадам» жоспарында айтқан. Әлбетте, ғалымдардың, археологтардың тынымсыз еңбегі, оқушылардың ынтасы, оның ішінде менің оқушыларым, Эльданих Гусейнова, сондай-ақ Никита Супугазиев /жобаның екінші қатысушысы, Мәскеуге ғылыми жобаны қорғауға бармай қалған/ туризмнің дамуына өз үлесін қосуға, жер қойнауы тек мұнаймен емес, сонымен бірге тарих «тынысымен» бай өлкенің тарихи-мәдени мұрасын әйгілі етуге мүмкіндік береді.

Тамара Феликсовна Стасенко, Ақтау қаласы №1 ОМ тарих мұғалімі


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002993
1 USD: 334.110000
EUR 1 KZT: 0.002534
1 EUR: 394.650000
RUB 1 KZT: 0.172117
1 RUB: 5.810000