|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Жас қозғалыс инспекторлары Маңғыстау облысының ІІД мұражайында

Қазақстан полициясының 25 жылдығына және Халықаралық мұражай күніне орайлас, Ювеналды полиция инспекторлары  Ақтау қаласының  және Мұнайлы ауданының №8 и №13 орта мектеп оқушылары мен басшыларына экскурсия өткізді, Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі айтуы бойынша, мұндай шараның басты мақсаты жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу, Отан қорғаушыларға құрмет пен сүйіспеншілік,  еңбектегі ерлікті және тәртіп күзетіндегі қызметті насихаттау. 

Мұражайда балаларды ІІБ ардагерлері  - полиция полковнигі Құлбаев Марат, полиция полковнигі Ермек Башенов, Ішкі әскерлер подполковнигі Виктор Щербак, Ішкі істер майоры Усуров Емір, Ішкі істер аға прапорщигі Зейнел Есқалиев, Кадрлық жұмыстар басқармасының басшы орынбасары М.Садақбаев, мұражай қызметшісі Алекешева Ақбала  және ақпарат пен мемлекеттік тіл бөлімінің қызметшісі қарсы алды.  

Ардагерлер балаларды  ішкі істер органдарының және милиция генерал-майоры, бірінші басшы Иван Брагинге қойылған ескерткіштің, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болғандарға қойылған монументтің пайда болу тарихымен таныстырды.  

 Экскурсия Маңғыстау облысының ІІД мұражайын аралаудан басталды. Қазіргі уақытта мұражайда 500-ден аса жәдігер, қызметтік борышын өтеу кезіндегі, генералдардың, қызметтегі  тәртіп күзетші  қызметкерлерінің  жетістігі туралы  "Қазіргі  заман қаһармандары" батырлық туралы материалдар сақталған. «Маңғыстау облысында милиция тарихы туралы мұражай  28 тамыз 2004 жылы ашылды. Мұражайды ашу бастамашысы ІІБ басшылығы және Маңғыстау облысының Ардагерлер Кеңесі», - деп, Алекешева Ақбала баяндады. Бұдан басқа, жас қозғалыс инспекторлары «Динамо» спорткешенінде болды, әлем чемпионатында жүлдегерлер болған, спортсмен-қызметкерлерінің жетістіктерімен танысты, өз көздерімен  Әділбек Ниязымбетов пен Берік Абдрахманов сияқты чемпиондарымыз шұғылданатын спорттық жабдықтарын көрді. Содан кейін балалар өздері жаттығып, чемпиондардың кубоктарын қызықтап қарады. 

«Динамо» спорт кешенінің бапкері Садыкин Игорь, мақтанышпен кешеннің ашылу тарихын, ІІБ қызметкерлерінің жетістігі туралы айтып, 30 балаға «Динамо» эмблемасы бар бейсболка сыйлады. Кадрлық жұмыстар басқармасының басшы орынбасары Садақбаев М.К., балаларға Ақтау қаласының бейнебақылау камералары орнатылған, қаланың қауіпсіздігін бақылау қызметін қамтамасыз ететін Орталық оперативті басқарманың жұмыс орнын көрсетті. Балалар инспекторлардың жұмысына, сонымен  камера арқылы құқық бұзушылықты анықтап және белгілеп отырғандарға қызықты, содан кейін өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Экскурсия барысында оқушылар полиция өмірінен көптеген қызықты мәліметтер білді. Мұражайға бару балаларға жақсы әсер қалдырды, оларға өз қолдарымен мұражай жәдігерлерін ұстауға және полиция қызметкерлерінің жабдықтарын қарауға мүмкіндік берілді.

МО ІІД Баспасөз қызметі 


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002993
1 USD: 334.110000
EUR 1 KZT: 0.002534
1 EUR: 394.650000
RUB 1 KZT: 0.172117
1 RUB: 5.810000