|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Қазақстанда қасиетті жерлердің картасы пайда болады

Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игали қазақстандықтарды жобаға қосылуға шақырды.

ҚР спорт және мәдениет министрлігінде Туризм индустриясы комитетінде Қазақстанның сакралды нысандарының картасын жасау жұмыстары басталды. Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалы мақаласында айтылған, «Қазақстанның рухани қасиеттілері» және «Қазақстанның сакралды жағрапиясы» жобасы аясында жұмыстар жүргізіледі. 

Ұлттық сәйкестік қаңқасын Ұлытау, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Бекет ата, Шығыс Қазақстан, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Жетісу сакралды орындары және т.б. айналасындағы ескерткіштер кешені құрайды.

Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игали Facebook-тағы өз бетшесінде қазақстандықтарды жобаға қосылуға және өздерінің ойларымен, ұысыныстарымен бөлісуге шақырды .

Анастасия Цирулик, МИА «Қазинформ».

Қазақстанның сакралды орындарының картасының электронды нұсқасын бір немесе екі ай ішінде ұсынады. Бұл туралы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

«Әрбір тарихи орынның өзіндік тарихы, аңызы бар. Біздің мақсатымыз – оны қызығырақ жасау.  Жыл аяғына Қазақстанның сакралды картасы альбомын шығаруға міндеттіміз. Таяудағы бір-екі айда бұл картаның электронды үлгісін ұсыныла аламыз», - деп, министр хабарлады.

Today.kz.


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002993
1 USD: 334.110000
EUR 1 KZT: 0.002534
1 EUR: 394.650000
RUB 1 KZT: 0.172117
1 RUB: 5.810000