|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Ақтауда «Мұражайдағы түн» өтті

18 мамырда Маңғыстау облыстық  тарихи-өлкетану мұражайында «Мұражайдағы түн» науқаны өтті, ИнАқтау хабарлайды. Шараны ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық  тарихи-өлкетану мұражайы. Шара 19:00 мұражайға іргелес  аумақта, қонақтарға арнайы дайындалған көріністен басталды. Қолөнершілер тұрғындарға ұлттық бұйымдар көрсетті, арқын тарту және асық сияқты ойындар өткізілді. Ойын-сауықтан басқа музыкалық көріністер де дайындалды, өнер колледжінің өкілдері ұлттық әндер орындады. «Өткен  жылы «Мұражайдағы түнге» мыңнан аса адам келді. Бұрын бұл науқанды үзіліспен өткізіп жүрдік, есептесек, бұл бесінші науқан. Бұл науқан республика бойынша өтетін болғандықтан, менің ойымша, келесі жылы да міндетті түрде болады. Біз мұражай қорынан жәдігерлерді, ретро-техниканы, 20 ғасыр басындағы тұрмыстық техниканы көрсеттік. Экскурсия жетекшісі біздің өлкенің табиғатын, біздің өңірдің және Қазақстан тарихын баяндады», -  деп, Маңғыстау облыстық  тарихи-өлкетану мұражайының  директор орынбасары Қалағанов Нұрболат айтты. Алдын-ала хабарланғандай, мұражайда ағымдағы науқанның аяғына дейін «Мұражайға тарту» науқаны өткізіледі. Сәрсенбі күні 17 мамырда осы науқан бойынша, адамдар мұражайға отбасылық  және кәсіптік қызметінің жәдігерлерін сыйға тартты. Бұл күні мұражай қорына 100-ден аса жәдігер тапсырылды.


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002982
1 USD: 335.380000
EUR 1 KZT: 0.002538
1 EUR: 394.070000
RUB 1 KZT: 0.176367
1 RUB: 5.670000