|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ МИФОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЗАЛДАРЫМЕН

Атақты мифолог, лингвист, тарихшы және өлкетанушы Серікбол Қондыбайдың  мемориалды мұражайы туристерді белсенді қарсыалады.

 

Мифологияны ұлы зерттеуші, түркітанушы Серікбол Қондыбай туралы естеліктер шетпе ауылында мұражай мұрағатында  сақтаулы тұр. Үш зал ұлы адамның өмірі туралы сипатталған, оның еңбектері көрсетілген.  

Бірінші зал «Серікбол Қондыбай феномені» зерттеулерге, оның отбасына, өміріне, оқуына және еңбектеріне арналған. Конференц-зал семинарлар мен ғылыми кездесулер өткізу үшін жабдықталған.

Мұражайдың екінші қабатында Серікбол Қондыбай шығармашылығы туралы отандық және әлемдік ғалымдардың ғылыми зерттеулер экспозициясы, сонымен бірге туристерге ұнаған С.Қондыбайдың ғылыми зерттеулері бойынша рәсімделген «Мифология» және «Мифтің әлемдік моделі» залдары орналасқан.  

Серікбол Қондыбай бай рухани мұра қалдырды – бұрыннан қазақ мифологиясына, тарихнамасына, лингвистикасына және т.б. қол тимеген қабаттарын зерттеу. Өзінің зерттеулерін ол өз халқына, тарихына, руханиятына қызмет етуге мүмкіндік деп қарастырды.  

Мифология –  халық туралы және оның барлық өмір саласындағы өткені туралы білім бұлағы. Мифтер қазақстандық тарихшы, лингвист, географ және этнограф зерттеулерінің негізі болды, «адамзат тарихындағы түркі халықтарының рөлі туралы әлемдік ғылымның  ғасырлық нанымын» сындыруды жазыпты. Зерттеудің басты мәселесіне ену үшін оның құралы  туған қазақ тілі болды, ғасырлар естелігі және осы ғасырдан өткен ұрпақ деп қарастырды. Ертегілер және аңыз әңгімелер, мысал мен әпсана, ескі заманнан қалған ескі сөздер, мақал-мәтелдер және нақыл сөздер...

Өз елінің мифологиясын  зерттеуде тілге сүйенген  Серікбол ең бірінші қазақстандық. Сонымен бірге, бұл жолдың бастауында Шоқан Уәлиханов тұрғанын білеміз. Серікбол Қондыбай одан әрі қарай кетті. Біздің Отанымызда ол ең бірінші болып мифтардың уақытша дамуында қалпына келтіру үшін тәжірибеде лингво-мифологиялық әдістерді  қолданды. Алғаш жол салушы, ол қазақтандық ғылым тарихының жаңа қадамында зерттеудің және ақиқатты табудың жолдарын шығарды. 

Ол өзің қазақ мифологиясының шаруашылық меңгерушісі  деп атап, ол тарихи ұқсату мен теңестіру, әртүрлі құжат түрлерін  тілдік салыстыру, фольклордағы білімдерін пайдаланған. Ескілік, әдет-ғұрып және дәстүр реалиясы, этнология, этнография, география және басқа ғылымдар мәліметтері көмекке келді. Серікболды бәрі қызықтырды, осы әмбебаптығы оның кітабында көптеген тақырыптар туғызды. Мында рухани орталықтар, сандық символдар, ежелгі заманда болған  металлургия және от таңбалылығының  мәні, күнтізбелік және астрономиялық мифология және басқа да көптеген нәрселер. Серікбол әлем халықтарының тарихы мен рухани мәдениетінде біздің ата-бабамыздың шынай рөлін қайта құруға жақтас болды. Мысалы, өзінің жұмыстарында түркілердің және  үндіевропалықтардың мифологиясын жайдан жай параллель көрсетіп отқан жоқ, көп жағдайда үндіевропалықтардың бейнесін және терминдерін түркі тілі мен түркі мифологиясына жүгінбесе толық түсіндіре алмайтынын  дәлелдеген.  

Серікболдың өміріне байланысты, мен оны тек ерлік деп айта аламын. Әл-Фараби атындағы КазГУ түлегі, ол көлік апатына түскенде 26 жаста болды, бел омыртқасы зақымдауына байланысты жүру мүмкіндігінен айырылған, қалған тоғыз жыл, тоғыз ай және тоғыз күн ол Маңғыстау облысындағы туған ауылы Шетпеде өткізуге мәжбүр болды. Мында кітапханалар мен қажетті ғылыми ортадан қол үзседе, Серікбол 16 кітап жазды, оның 10 кітабы сол кезде жарияланды. Серікбол болмыс сананы билемейтінін өз мысалымен дәлелдеген, толыққынды тұлға болып шықты. Әрбір кітабы докторлық диссертация сияқты, үлкен ғылыми еңбек. «Қазақтың арғы атасының мифологиясы» дегенді алсақ. Ежелгі мифологиялық дүниеге көзқарас қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі арқылы зерттеу және мифологиялық материалдағы қазақтың арғы атасының тарихи жолын қалпына келтірді. Кітап ол, «Қазақ мифологиясына кіріспенің» жалғасы, мақсаты қандай сюжеттер және бейнелер қазақ мифологиясында бар, қайсысы жоқ екенін анықтау. Ең алғаш рет біздің ғылымымызда мифология әліппесін жасап қарау әрекеті жасалды.  Алты жылдан кейін «Қазақ мифологиясы» кітабында шыққан әліппе, қысқа болса да, енді сөздік. 

«Қазақ даласы және германиялық құдайлар» зерттеуінде  салыстырмалы анализ жолымен бейнелердің және германо-скандинавиялық мифология аттары ежелгі түркі және түркі тілі дала тарихымен байланысы көрсетілген. Скандинавиялық дастандардағы Германиялық құдайлардың бейнелері шығу тегі түркі болу мүмкін дегенді қарастырып жатыр. «Гиперборея: түс дәуірінің шежіресі» кітабында мифолингвистикалық анализдердің нәтижесі тұжырымдалды,  нәтижелер тарих, география, археология деректерімен  жиынтық болғаны мынадай ұсынысқа мүмкіндік береді, 8 000 жыл бұрын Каспийдің оңтүстік кавказды жағалауында гиперборей мәдениеті болған. Бүгінгі евразиялық халықтардың бастауы және олардың тілдерінің, мифологиясының, мәдениетінің қайнары  болған, содан ол тармақтанып, түркілер сол гиперборейдің бір бұтағы. 

Бес жасында ол географиялық карталардың суретін салып және көп оқыды. «Геоморфология» мамандығы бойынша университетті аяқтап, ҚР ғылым Академиясына География институтына аспирантураға ұсынылды. Көп балалы отбасының кенже баласы болғандықтан, қазақтың салты бойынша қара шаңырақ мұрагері болып, ата-анасының қасында болу керек болды. Ескерткіштерді қорғау Маңғыстау-Үстірт қоғамында, облыстық экология басқармасында маман болып, содан кейін ауыл мектебінде география мұғалімі болып жұмыс істеді. Бір сәтте, көлік апатынан кейін, барлық жоспарлар, арман мен үміт те үзілді. Ғылымға уақыт қалмағандықтан, ол өзің қолына алуды шешіп, ауыр дертіне қарамастан, ғылыммен айналысуға кірісті. Үйдегілер оны қолдады – әсіресе анасы мен оған қажетті  әдебиеттерді тауып, жергілікті басшылардың қолдауын және інісінің кезекті кітабын шығаруға демеушілер тапқан әпкесі Балсұлу. Нәтижесінде ғылыми институттың қолынан келмейтінді істеді. Серікболдың еңбектері арқасында Республикада  - Ұлттық мифология атты жаңа ғылым пайда болды.

Серікбол Қондыбай мемориалды мифология мұражайы директоры Римма Канатбаевна Бердиева


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002982
1 USD: 335.380000
EUR 1 KZT: 0.002538
1 EUR: 394.070000
RUB 1 KZT: 0.176367
1 RUB: 5.670000