|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Ақтауда «Rally Kazakhstan-2017» Әлем кубогы ралли-рейді бойынша V кезеңі басталды

Rally Kazakhstan-2017 Ралли-рейд інде Маңғыстау облысын жарысушының  үш экипажы көрсетеді. 

Бесінші кезеңнің ашылуы 15 шағынауданда Ақтау теңіз жағалауында өтті. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Жарысушылардың қолдаушы тобы автоспортты жақсы көретін  Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары болды. Раллидің бірінші кезеңі Санкт-Петербургтің Солтүстік орманында, екінші кезеңі – Дубайда, үшінші – Абу-Дабиде, төртіншісі – Катарда өтті. Бесінші кезеңі үшін Маңғыстау облысы таңдалды. «Мұнда табиғаттың өзі ауқымды автомобилді ралли өткізу үшін керекті климаттық және географиялық жағдай туғызды. Оның үстіне логистикамен ешқандай қиындық туындамайды, өйткені жақын жерде заманауи құрылғылармен жабдықталған, каспий порты жұмыс жасайды. Аймақ кросс-жарыстан сайыс өткізуге қолайлы. Қауіпсіздікпен арнайы дайындалған бригадалар, тұрғылықты Жедел жәрдем станциясы және күтпеген оқиға жағдайында ТЖД  айналысады, - деп, журналистерге Қазақстан Республикасының автомотоспорт Федерациясының президенті Марат Абыкаев хабарлады: FIA ралли-рейдінің халықаралық күнтізбесінің бөлшегі болу тек біздер, ұйымдастырушылар үшін емес, бүкіл ел үшін  - үлкен жетістік. Біз осы мақсатқа жету үшін жұмыстандық. Ақыры алғаш рет біздің еліміздің тарихында Қазақстанда беделді Әлем кубогының бесінші кезеңін өткізу құқығына қол жеткізді. Мына жарыста үлкен бірлескен еңбек, әрбір маманның тәжірибесі мен жігері  нәтижесінде, біз Қазақстан туралы жағымды жаңалықтар қоса аламыз және Әлем кубогының ралли-рейді бойынша әсерлі әрі қызықты кезеңдерінің бірін жасай алатынымызға сенемін». Қазақстан үшін алты экипаж шықты.

Жергілікті клуб AktauMotorSport сайысқа үш экипаж ұсынды. Экипаж 216 MitsubishiEvo құрамында Андрей Дрозд және Максим Лопухин. Экипаж 222 NissanPatrol y62 құрамында  Кирилл Черненков және Алексей Мун. Экипаж 302 MitsubishiEvo құрамында  Александр  Сухов және Азамат  Муналов. Біздің команданың барлық үш экипажы техникалық тексеруді сәтті өтті, бұл үлкен қадам болып табылады, себебі біз жыл бойы көліктерді сайысқа қатысуға дайындап жүрдік. Көліктер толық жауынгерлік әзірлікте. Барлық үш көлік жаңадан жиналды. Бір көлік өткен кезеңде аударылған, сондықтан шанақты түгел ауыстыруға тура келді. Ралли – ер адамдардың спорт түрі. Біздің негізгі мақсат – мәреге жету. Бұл мәселені шешу үшін, біз бар күшімізді саламыз, - деді Александр Сухов.

Сайыстар мынадай категорияда өтеді: Т1 – жақсартылған сериялы автокөліктер, Т2 – сериялы моделдерден азғана айырмашылығы бар жеңіл автокөліктер, Т3 – жеңілдетілген автокөліктер және Ұлттық класс. Ралли сайысына әлемнің 15 елінен 28 экипаж қатысады. Ресми старттан және бірінші кезеңнен кейін қатысушылар Кендірліге, Каспий теңізінің жағалауына кетеді. Бесінші және алтыншы кезеңдері 25 және 26 мамыр күндері Ақтауда өтеді. Ралли нәтижесі бойынша жеңімпаздар кубок, төсбелгі және автомотоспортты құрметтеушілердің құрмет рейтингісін алады!

 Азамат Серкибаев,  сурет А.Задерецкий


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002982
1 USD: 335.380000
EUR 1 KZT: 0.002538
1 EUR: 394.070000
RUB 1 KZT: 0.176367
1 RUB: 5.670000