|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Әлеуметтік жауапты туризм немесе ӘЖТ

«Саяхаттап – көмектес!» Бірінші Халықаралық байқауы. 

«Саяхаттап – көмектес!» (icrt-russia-online.ru) байқауы  Ресей үшін жаңа құбылыс  - әлеуметтік жауапты туризмді (ӘЖТ) насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.  Байқаудың мақсаты жауапты туризмнің мақсатына ұқсас -  саяхатшыларды аймақтардың дамуына үлес қосуға үгіттеу, үлгі алуға тұрарлықтай өнеге көрсету, фотография өнері арқылы  қоршаған ортаға, мәдени мұра нысандарына және туристік көрікті жерлерге  ұқыпты қарау қағидаларын насихаттау.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Халықаралық Жауапты Туризм Орталығы және Мемлекеттік Дарвин Мұражайы.Келісім 2016 жылдың 08 қараша күні Алғашқы ресми Халықаралық жауапты туризм күні қарсаңында жасалған болатын. Дәл сол күні Байқаудың бастамасы да болған.

Фотоконкурс атаулары: «Адамдар және табиғат: еріктілердің жұмыс күні», «Қайта тірілген мұра»,«Православиелік Ресей», «Сөйлеуші кәдесый», «Бізге саяхаттауға көмектесетін мамандықтар», «Ауылдың жандануы», «Қалалық саяхат: қазір, өткен және келешек», «Ресей шетелдікдердің көзімен», «Жауапты туризм маусымдары», «Көрермендер қалауы» (жұмыстар 2017 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады).

Бейнебайқау атаулары: «Шеберлер мен кәсіптер», «Өңірлер: этнография, өзіндік ерекшеліктер, дәстүрлер», «Адам және табиғат күші», «Жалпыресейлік сенбілік», «Көрермендер қалауы». Кинофильм ұзақтығы –2-ден 10 минутқа дейін (жұмыстар 2017 жылдың  30 қыркүйегіне дейін қабылданады).

Осы Байқаудың он бес номинациясының бірін қолдаған серіктестеріміз Ұйымдастырушы комитеттің мүшесі бола алады. Қазір біз растауды күтудеміз. Кестеге сәйкес маусым айының басынан бастап Ұйымдастырушы комитет мүшелерімен, және жеңімпаздар алатын сыйлармен, барлық әділ-қазылар мүшелерімен таныстырмақпыз (әзірге жартысымен ғана таныстырдық).

Тамыз айына дейін Дарвин мұражайында 2017 жылдың 30 қыркүйек пен 23 қараша аралығында «Саяхаттап – көмектес!» көрмесі кезінде өтетінбарлық шаралар кестесі жасақталуы қажет.

2017 жылдың 30 қыркүйегі - «Саяхаттап – көмектес!» көрмесінің ашылуы.

2017 жылдың 07 қарашасы – Екінші ресми Халықаралық жауапты туризм күні.

2017 жылдың 23 қарашасы - «Саяхаттап – көмектес!» көрмесінің жабылуы.

Не істеу керек?

Егер сіз фотограф немесе режиссер немесе бейнеоператор  болсаңыз, сіз міндетті түрде www.icrt-russia-online.ru байқау порталына өз жұмысыңызды ұсынуыңыз қажет.

Егер сіз журналист немесе блогер болсаңыз, сізді ақпараттық немесе аудиторлық серіктес болуға шақырамыз.

Егер сіз туризмді бағалайтын компания болсаңыз, сізді біздің номинациялардың бірінде серіктес болып жеңімпаздарға сыйлық әзірлеуге шақырамыз.

ЕҢ БАСТЫСЫ —перепост жасаңыз! Бұл ақпаратпен бөлісіңіз! Біздің еліміз үлкен, 85 өңірді қамту үшін көптеген репосттар қажет.


Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002927
1 USD: 341.610000
EUR 1 KZT: 0.002437
1 EUR: 410.270000
RUB 1 KZT: 0.169492
1 RUB: 5.900000