|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК КЕЛЕШЕГІН КӨТЕРУДЕ – ҚЫТАЙ САРАПШЫСЫ

«Нұрлы жол»бағдарламасы аясында Қазақстанның көлік инфрақұрылымының дамуы, елдегі ішкі және кіру туризмін дамытуға ықпал етеді. Ол жайында Қытайдағы түристтік зерттеулер институтының басшысы  Дай Бинь, екінші Қазақ-Қытай туристік форумында айтты дейд,і қытайдағы «Казинформ» МАА-нің жеке корреспонденті. «Біздің елдер арасындағы туристік нарықтағы құбылмалылық тиісті инфрақұрылымның дамуымен, визалық мәселемен, қызмет көрсету аясымен байланысты. Туризм де ол Қазақстанның «Нұрлы жолы» мен Қытайдың «Бір белдем, бір жол» стратегияларын, және екі ел халқының жүректерін байланыстырып жатқан бір көлік жол айрығы», - деді ол.Спикер ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдемін» жасау бастамасын ұсынғанын, 2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» экономикалық саясатын бастағанын еске сала кетті. Екі стратегия 2016 жылы ұштасты. «Қазіргі күні біз, өзара саяси сенімнің нығаюы арқасында, «Ляньюньган-Алматы» бағытында теміржол құрамдарының жүруі басталып кеткенінің, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ұлтаралық автомагистралінің құрылысы аяқталып қалғанының, «Хоргос – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аумағы дамуда екенінің куәсіміз». Ел басылары 2017 жылды Қазақстандағы Қытай түризмінің жылы деп жариялаған болатын. «Туристік сектор біздің ортақ жолымызға жаңа шабыт береді» - деді ол. Оның айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қытайға 73 мың қазақстандық турист барған, өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштермен салыстырғанда өсім 16,6%-ды құрайды. 2016 жылы Қытайдағы қазақстандық туристердің саны 225 мың адамды құрап, 6,7%-ға кеміген. 2016 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристтердің саны 3,4% артып, 250 мың 790 адамға жеткен. Үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш шамамен 10%-ға төмендеген. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2017 жылдың алғашқы төрт айында 30%-ға артқанын байқауға болады. Осыдан шығаратын қорытындымыз, саяси, инвестициялық және сауда-экономикалық салалармен салыстырғанда туризм саласындағы ынтымақтастық деңгейі өте төмен», деді Дай Бинь. Ол елдің туристік келешегінің дамуында көліктік инфрақұрылымның дамуының маңыздылығын атап өтті. «2016 жылы Қазақстанда 3,2 мың шақырымнан астам жол төселімі қайта қалпына келтірілген болатын. Инфрақұрылымдық инвестициялардың Азиялық банкі, Жібек жолы қоры және тағы да басқа қаржы институттары Қазақстан жолдарының дамуына қаржы салуға дайын. «Нұрлы жолдың» басты мақсаттарының бірі болып табылатын, сапалы жолдардың болуы, ішкі және кірмелік туризмді ынталандырып, адамдар автобустармен немесе өз көліктерімен жиі саяхаттайтын болады», - дейді сарапшы. Оның айтуы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық енді басталуда. «Қазақстанға Қытайдан келген туристтер танитындай өз туристік брендтерін жасау керек. Мысалы, Қытайдың бүкіл әлем танитын Ұлы Қытай Қорғаны, панда және т.с. брендтері бар. Қытайлық туристер қазіргі кезде Қазақстан жайлы тек жалпылама біледі», - деп атап өтті Дай Бинь. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың ҚХР Хунань телеарнасында өткен Singer-2017 жобасына қатысуы да Қазақстан мен Қытай халықтарының өзара түсіністігі мен қызығушылығының артуына себеп болды дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 5-ші маусымында Пекинде 2-ші Қазақ-Қытай туристік форумы өткізілген болатын. Оған Қазақстанның 60-тан астам алдыңғы қатарлы туристік операторлары, сонымен қатар, 300-ден астам қытайлық туристік компаниялар қатысқан болатын. 2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астанада 1-ші Қазақ-Қытай туристік форумы өткізілген болатын. 2016 жылы 135 млн қытайлық турист ҚХР-нан тыс жерге шыққан болатын, олар 261 млн доллар жаратыпты (2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12%-ға артқан) КАЗИНФОРМ - inform.kz


Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.003028
1 USD: 330.290000
EUR 1 KZT: 0.002582
1 EUR: 387.270000
RUB 1 KZT: 0.179856
1 RUB: 5.560000