|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

ҚҰМДЫ МҮЙІСТЕ ЖАҢА ТУРИСТІК НЫСАН?

Экологтар ұйқыда жатқанда туризм даму үстінде.

Маңғыстау облысының Қаракия ауданындағы Құмды мүйістен 100 шақырым жерде Ресей туы астында тұрған «Аракс» кемесінің (тіркеу айлағы Махачкала, кеме иесі «Транскаспий» ЖШҚ) қайырда тұрғанына жарты жыл болды.

Баспасөзден белгілі болғандай, капитан мен экипаж мүшелері апаттан соң кемеден кеткен. Аракс кемесінде қалған механик Г. Магомедов, 4 қараша күні зәкірді жұлып кеткеннен соң, кеме қайырға шықты деп баяндайды. Кемеде ешқандай ақаулар жоқ, айналасына мұнай өнімдері төгілмеген. Жергілікті қызметтердің айтуы бойынша, кемеде 130 тонна өнделген май және 2,6 тонна мұнай қалдықтары бар. «Аракс» кемесі – рейдтік-айлақтық мұнай құйғыш жүзу бункерлеушісі. 1980 жылы салынған. Ұзындығы 61 м ені 11 м, кеме жүк көтерімділігі 1304 тонна.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқыққорғау органдарымен, аймақтық қорғаныс және жұмылдыру органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Маралбек Сейловтың айтуы бойынша: ««Аракс» танкерін қайырдан түсіру үшін үкіметаралық комиссияның қорытындысы қажет. Қайырға отырған «Аракс» танкерінің тағдырын шешу үшін Ресей мен Қазақстанның уәкілетті органдарымен 2017 жылдың сәуір айында құрылған үкіметаралық комиссияның қорытындысы қажет».

Ал жергілікті тұрғындар мен сырттан келген туристердің назарын тарту үшін нысанның болуы да жеткілікті. Шомылу маусымы басталғалы «Араксты» көргісі келетіндердің саны артады.

Ия, кеме қара металл іздеушілердің тонау мен вандализм жасау нысанына айналды. Кемеде бұзақылық іздері байқалады, сымдар үзіліп, трубалар кесілген, жиһазы мен қондырғылары сындырылған. Бұған  нысанның жағажайға жақын орналасуы мен күзеттің болмауы әсер етуде.

Уақыт өте келе кеме зақымданатын болса Каспий теңізіне экологиялық залал келтіруі әбден мүмкін екендігі айдан анық. Құмды мүйістегі жаңа нысанмен танысқысы келген туристердің қызығуылығын тоқтату мүмкін емес.

Үлгі ретінде көршілес Өзбекстанның тәжірибесін алуға болады. Бұл ел әкімшілігі туристік кластер нысаны ретінде Арал қасіретінің белгісі - кемелер мазарын алған. Толығырақ қайнар көзден оқыңыз  Өзбекістан, Ташкент - АН Podrobno.uz.

Наталья Задерецкая, фото авторы А.Задерецкий

 

АРАЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТУРИСТІК КЛАСТЕРГЕ АЙНАЛМАҚ 

Өзбекістан Президенті Шавкат Мирзиёев Муйнак ауданында халықаралық деңгейдегі туристік кластерді құру бойынша кешенді шараларды бекітті.

Негізінен, MoynaqCityCenter сауда-туристік кешенін салу жоспарлануда, ол жерде келесідей туристік тауарлар ұсынылмақ: Арал теңізінің түбінде квадроциклдармен серуендеу, құрамында Аралдың бірегей минералдары бар балшықпен емделу, жергілікті тұздылығы жоғары көлдерге шомылып емделу.

Халықаралық туристік бірлестіктердің назарын тарту үшін өңірде жыл сайын «Арал және Муйнақтың қайта жандануы» экофестивалі, "Аралдың 99 балық тағамы» гастрономиялық фестивалі, сондай-ақ Муйнактан шыққан қарақалпақтық ақындар Бердах пен Ажинияздың құрметіне ұйымдастырылатын ақындық-музыкалық фестивальдер өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, өзбектер жағы «Моя Планета", NationalGeographic, AnimalPlanet және ViasatExplore сынды алдыңғы қатарлы тақырыптық телеарналарды, жергілікті табиғат ғажайыптары мен халықтың салт-дәстүрлері жайында түсірілімдер жасауға шақыру мақсатында кездесулер өткізуде.

Қажетті инфрақұрылымды дамытуға да көңіл бөлінуде. Үкімет жергілікті Өлкетану мұражайын толық қалпына келтіруге қаржы бөліп, онда жаңа аудио- және 3D-бейнетехнологияларды ендірмек, ескі фотолар мен бейнеқорды пайдалана отырып оқиғаны қаз-қалпында жеткізбек. Туристерге ыңғайлы болуы үшін, Аралдың түбіне арнайы бөренелер орнатылып теңіздегі су деңгейі қай кезде қандай мөлшерде болғаны көрсетілмек.

Жақында құрылысы басталғалы жатқан «Муйнак шамы» мен оның жанындағы, теңіз түбі көрінісі ашылатын кафе туристік картадағы жаңа орын болмақ. Бұл нысандарда өлген Арал теңізінің белгісі ретінде, «теңіз  толқындарының шуы» аясында арнайы дыбыстық атмосфера жасалады.

Арал қасіретінің басты белгісі – кемелер мазары қайта қалпына келтіріледі, ал қалған 11 кеме қата қалпына келтіру және консервациялау рәсімінен өтпек.

Бөлек кәсіптік кластердің дамуына қомақты қаражат бөлу жоспарлануда. Негізінен, мұнда теңіз тақырыбында кәдесыйлар жасап сату қарастырылмақ, ең қызықтыларының ішінде сыртында Муйнак балықконсервілеу заутының тарихи әрлеуі бар, іші бос консервілік банкаларды сату. Сондай-ақ дәстүрлі қарақалпақ және муйнак өрнектері бойынша кілем тоқу цехын ашу жоспарлануда. 

Ішкі турларды жарнамалау мақсатында, республиканың ірі қалаларында - Нүкісте, Үргенште, Хиуада, Бухарада, Самаркандта и Ташкентте баннерер мен биллбордтар орнатылып, Муйнакта өндірілетін тоқыма және кәдесый бұйымдарын сату орындары ашылады, осы өңірдің тарихы, қарақалпақтық ұлы ақындар Бердах пен Ажинияз, Аралдың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Муйнактың ұлттық салт-дәстүрлері туралы роликтер мен документалдық фильмдер әзірленеді. 

Колледж және ЖОО студенттерінен құрылған топтарға, сондай-ақ, ірі өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың топтарына арналған Муйнак пен Арал бассейініне саяхаттар ұйымдастыру жоспарлануда.

© «Podrobno.uz» жаңалықтар агенттігіХоджиакбар Ганиев


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002927
1 USD: 341.610000
EUR 1 KZT: 0.002437
1 EUR: 410.270000
RUB 1 KZT: 0.169492
1 RUB: 5.900000