|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛҒАШҚЫ РЕЙСПЕН «ЭКСПО-2017»-ГЕ КЕТТІ

ИнАктаудың айтуы бойынша, көптен күткен оқиға «ЭКСПО-2017» маңғыстаулықтар үшін қолжетімдірек болып бара жатыр.

Пойыздар кестесінде қосымша Астанаға дейін баратын бағыт пайда болды, соның арқасында қалаған адам жаз бойы кедергісіз халықаралық көрмеге бара алады. Осылайша 1750 бала, олардың ішінен Жаңаөзен қаласынан 470 бала ауқымды шараға қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Оқушыларға жолдаманы облыс әкімшілігі және өндірістік компаниялар сыйлады. Осылайша, ЭКСПО-2017 ашылатын күні Жаңаөзен мен Ақтаудан 200-ге жуық бала жолға шықты. «Жасыл экономика» саласындағы жаңа технологияларға арналған көрме балалардың ерекше қызығушылығын оятты. «Болашақ қуаты» көрмесінің мақсаты: тұрақты қуат көздерін дамытуға, қуатты үнемдеудің тиімділігі мен дәйектілігін көтеруге бағытталған бағдарламалар мен стратегияларды зерттеу, жаңғыртылған қуат көздерін пайдалануға ынталандыру және көрмеге келушілерге қуат көздерін тиімді пайдалану мен қуат үнемдеуші өндіріс жоспарын іске асыру мен жоспарлауға көрмеге келушілердің белсенді қатысуының маңыздылығын көрсетеді. Балалардың тек қана осы саладағы ауқымды жобаларды көріп қана қоймай, Жердегі экологияны сақтау әдістерін егжей-тегжейлі білу мүмкіндігі бар. Бұл келешек ұрпақты, қазіргі таңда бүкіл әлем бірлесе шешіп отырған, табиғатты сақтау мәселелері жайында ойлануға итермелейді.Осы көрме соның дәлелі.

Айта кетейік, оқушыларды ата-аналары, педагогтар, медиктер алып жүреді және балалар үшін жолдағы қауіпсіздік туралы лекциялар оқылды. Астана қаласына экскурсия, «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару күтуде. Ата-аналардың айтуы бойынша, балалар үшін жазғы демалыста бұл шараға бару, жаз жайлы жақсы естеліктер қалдырып, олардың білімдер мен эмоциялары толығады.

"Мен сыныптастарыммен бірге ЭКСПО-2017-ге баратынымды білгенімде қатты қуандым.  Сәл ертеректе, біз «Менің ЭКСПО-ға қосқан үлесім» атты шағын жоба дайындаған болатынбыз, онда өз ойларымыз жайлы айттық. Бірақ бізге ертегідей көрінген әлемді өз көзімізбен көреміз деп ойламаған едік. Бізді көптеген экскурсиялар, көрмелер, қызықты адамдармен танысу күтуде. Біздің сыныпты таңдаған мектеп басшылығына алғысым шексіз", - дейдіЖаңаөзен қаласының №7 орта мектеп оқушысы  Жаннұр Иманкулова,.

Пойыз қозғалды, оқушылар көкке шарлар ұшырып, елімізді келешекте не күтіп тұрғанын және неге ұмтылу керектігін білу үшін жолға шықты.

Еске сала кетейік, кеше Ақтау қаласының жағажайында "ЭКСПО-2017" ашылу салтанатының тікелей көрсетілімі өтті. Ума Соломоноваwww.inaktau.kz


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002927
1 USD: 341.610000
EUR 1 KZT: 0.002437
1 EUR: 410.270000
RUB 1 KZT: 0.169492
1 RUB: 5.900000