|
Размер шрифта: A A A
Кіру Тіркеу

Туризмді дестинацияның түпнұсқалығы арқылы дамыта отырып:Маңғыстау –Аңыздар Өлкесі

Жақында туристік сала мамандарына, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенттеріне (ҚазГЗУ) арналған “Маңғыстау облысының туристік әлеуеті - 2016” дәріс-тұсаукесері болып өтті.

МАҢҒЫСТАУ - АҢЫЗДАР ӨЛКЕСІ

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау өзінің жас екендігіне қарамастан, Мәскеу, Баку, Таллин, Стамбул тәрізді әлемнің тарихи қалаларының қатарына енгізілген. Біздің өлкедегінің барлығы да “ең” деп айтарлық. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең төмен шұңғыма - Қарақия. Оның ұлан-байтақ алқабында жұмбақ және ғажайып аура пайда болады. Қазақстан ескерткіштерінің үштен бірі Маңғышлақ түбегінде орналасқан. Бұл ескерткіштер - әртүрлі дәуірде өмір сүрген халықтардың көп ғасырдан бергі байлансының тас куәгерлер, алуан түрлі халықтың мәдениетін, сәулеті мен тарихын сақтаушылары. Маңғыстау облысы Қазақстан толеранттылығының флагманы деп бекерден бекер аталмайды. Жартасты тік құздарда ойып жасалған жер асты мешіттері - өлкені көрнекті жерлері. Ал Қаратау таулары … Олар биік емес. Бірақ, әр заманда найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін қорғаған тайпалардың төккен қаны, өткен күндерден бізге жеткен аңыздар өзіне тартып, қызықтыра түседі. Ол жерге бір мәрте қадам басқан адам қайта-қайта баруды аңсайды. Сол замандарда Маңғышлақ түбегі арқылы өткен Ұлы Жібек жолының өн бойында шеберлер құдықтар қазылған. Маңғыстау жерінде тұздың көп екенін ескерсек, шөл далада тұщы су қайдан пайда болған деген заңды сұрақ туындайды?… Осы өлкені танып білгісі келетін таңдаулыларға ғана қолжетімді, бойыңа қуат беретін ылғалдың осы көзі жер қойнауынан еріп шығатындай. Ерте заманнан Маңғыстауды Шопан ата, Бекет ата, Шақпақ ата, Қошқан ата, Қошқар ата, Масат ата, Сұлтан апа, Кенті баба және басқалары секілді қаситеттілер мекені деп атау қабылданған. Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Маңғыстау аймағы Қазақстанның батыс қақпасы деп аталады.

 Маңғыстау аймағының туристік тартымдылығының түпнұсқалық екендігіне Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры Дильбар Досмайылқызы Гимранова тіпті күмән келтірмейді. Ол: «Мен іссапармен Маңғыстауда болғанмын. Іссапар кестесінің тығыз болуына байланысты тек кешкілік уақытымды ғана ақтау жағалауларында өткізе алдым. Бір таңғаларлығы, Каспийдің емдік суына шомылу менің денсаулығыма оң әсерін беріп, соңғы уақытта өзімді қинап жүрген сырқаттан айығып кеттім. Маңғыстауға келесі сапарымды асыға армандаймын. Қасиетті жерлер мен табиғи радон бұлақтарына баратын сәтті үміттене күтудемін. Студенттермен келесі жылы Маңғыстаудың көрнекті жерлеріне бару жобасын бүгіннің өзінде анықтаудамыз», - деп ағынан жарылды.

 

АВСТРИЯ-ВЕНГИЯЛЫҚ СТЕЛА – БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ҮЛГІСІ

Маңғыстау облысындағы 1 Дүниежүзілік соғыс ескерткішіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында   «Тюрксой» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы мен Астаналық Туризм ассоциациясының қолдауымен Маңғыстау облысы туризм басқармасымен жүзеге асырылатын этномәдени жоба аясында «Форт-Шевченко қаласындағы Австрия-венгриялық стеланы дәріптеу» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Студенттер Маңғыстауға жер аударылған және Форт-Александровскийде /Форт-Шевченко/ Қазақстан мен Орта Азиядағы 1-ші радиостанцияны орнатуға, орыс-қазақ училищесін /»Дарын» БЖСМ/ абаттандыруға  қатынасқан 1-ші Дүниежүзілік   соғыстағы австрия-венгриялық әскердің әскери тұтқындары туралы тарихи және аңызға толы ақпаратты назар салып тыңдады. Және барлық әлеуметтік желілерде Форт-Шевченко қаласындағы австрия-венгриялық әскери тұтқындарының бауырластар қабірінің басына орнатылған аталмыш стела туралы хабарлаймыз  дп уәде береді.

 «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының меңгерушісі Асхат Наметша, осы кафедраның аға оқытушылары Раушан Мұхамеджанова мен Ғалымжан Сейілов тәрізді білім мен біліктің байыпты базасын игерген ғалымдар, атақты ЖОО-ның оқытушылар, сондай-ақ ЭЖМ жетекшісі Дильбар Гимранова маңғыстаулық этномәдени жобаны дәріптеуге өздерінің үлестерін қосамыз деп уәде берді.

Айта кету керек, студенттердің пікірінше, Экономиканың жоғары мектебінің оқытушылары жеке белсенді өмірлік ұстанымдарымен көзге түседі, олар сол көзқарастарын өздерінің студенттерінің бойына сіңдіруге тырысады. ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы жастардың бойына отансүйгіштік, жас адамның рухани және этикалық бет бейнесі тәрізді ұғымдарды дарытуда жауапкершілікпен қамқорлық танытады.

МАҢҒЫСТАУДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТҮРІК ИГІЛІГІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

 Туризм кафедрасының аға оқытушысы Ғалымжан Айдарқұлұлы Сейілов Түркияның мемлекеттік университетінде білім алған және бұл елдің тарихымен жақын таныс. Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштеріне, атап айтқанда австрия-венгриялық стелаға арналған тұсаукесер дәрісте жақынырақ танысқаннан соң Ғалымжан Айдарқұлұлы түріктің Чанаккала қаласында, жалпы Галлиполи түбегінде белсенді туризмді іске асыруға септігін тигізетін түріктің көрнекті жері Анзакты мысалға келтірді Поближе познакомившись на лекции-презентации с историко-культурными памятниками.

«Галлиполи (түр. Çanakkale), түбегіндегі Чанаккала портты қаласында Анзак деп аталтын мекен бар. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде осы түбекте Антанта (британдықтар, австралиялықтар, новозеландылықтар, ньюфаундлендіктер, үндістер, француздар) әскері мен осман әскерінің арасында кескілескен ұрыс болған.  Қан құйлы Дарданелль операциясы барысында Антанта десантының арасынан Австралия-жаңазеландиялық әскер корпусы көзге түседі, бірақ жеңіске қол жеткізбейді. Түріктер үшін бұл жеңіс біздің Мәскеу түбіндегі айқаспен тең. Біздің артымызда Мәскеу болса, олардың артында – Константинополь еді. Бізде политрук Клочков болса, оларда болашақ Ататүрік – Мұстафа Кемаль. Шегінетін де жер жоқ болатын. Сондықтан да жеңістің бағасы да қымбат болды. Австралиялық және жаңазеландиялық әскери корпус (АНЗАК) сарбаздарының ерлігіне бас ие отырып, 11000 солдат қаза тапқан мүйісті түріктер «Анзак мүйісі» деп атаған, - деді Ғалымжан Айдарқұлұлы және: Түріктердің өз батырларын ғана емес, қарсыластарының да қаһармандығын бағалай алатындығы үлгі тұтарлық. Сол күндердің айғағы ретінде 1916 жылдан бастап Австралия мен Жаңа Зеландияның ұлттық мерекесі – Анзак күні Түркияда да атап өтіледі. Түрік басшылығының дұрыс ұстанымының арқасында әртүрлі халықтардың ескерткіштеріне деген құрметті көрсететін, халықаралық туризм таныған аймақтарына автралиялық және жаңазеландиялық туристер Түркияға, Галлиполиге қайғылы Дарданелль кампаниясын еске алу күндері ғана емес жыл сайын қажылық жасайды.

Бұл нендей мемориал? «Şehitleri Anıtı» азап шегушілердің мүсіні бар 14 қабатты монумент-үй алыстан көрінеді. Монументтің сыртындағы зират-гүлзарда ұрыс алаңында қаза болған әскерлердің есімдері жазылған көптеген мемориалдық тақталар орналасқан. Ататүріктің сөзі жазылған орын жұрт назарын өзіне тартады: «Қан төгіп, өмірмен қош айтысқан батырлар... енді сіздер өздеріңе бауырлас елдің жерінде жатырсыздар. Жандарың жәннатта болсы. Иық түйістіріп жерімізде жатқан Джонни мен Мехметтердің арасында айырмашылық жоқ. Ұлдарын алыс сапарға шығарып салған аналар, көз жастарыңды сүртіңдер. Сіздердің ұлдарыңызға біздің елдің топырағы бұйырды. Біздің жерімізде өмірмен қош айтысқандықтан, олар енді біздің де ұлдарымыз»!!!

Сонымен қатар, Ататүрік басқарған осман әскерінің 19-шы дивизиясының бөлімшесі 57-ші полкке Мемориал орнатылған. Бұл Ататүріктің «Мен сендерге соғысыңдар деп бұйырмаймын, мен сендерге қаза табыңдар деп бұйырамын», - деген тарихи сөздерді айтқан оқиғасы. Барлық сарбаздар бұйрықты орындаған, тірі қалған ешкім жоқ. Ту ағашқа ілінген, егер ту жерде жатса ол жеңілгеннің белгісі. Ағаштан оны австралиялықтар алып кеткен. Қазірде ту астында «Біз оны жаулап алған жоқпыз» деген жазуымен олардың мұражайында тұр. Осы жерде Ататүрік дәл жүрек тұсынан шрапнельмен жараланған болатын! Бірақ бақытты кездейсоқтықтың арқасында аман қалады (оның төс қалтасында сағаты болса керек). Оның орнына аса үлкен қанды ісік пайда болған. Компания аяқталғаннан соң әскер қолбасшысы Сандерс Ататүрікке алтын сағат сыйлайды. Ал шрапнельі бар сағатты Германияға алып кетеді. Ұрпақтары болса Ататүрікке ескерткіш орнатты.

ТҮПҚАРАҒАН – ЕСКЕ АЛУ МҮЙІСІ АРАГАН немесе ТУРИЗМ –ДОСТАСУ ҚҰРАЛЫ

 Түріктің Анзағы мен Түпқарағандағы австрия-венгриялық стеланың арасында қандай болуы мүмкін?

Тікелей және тура! Бұл әртүрлі елдер мен континеттерді қамтыған Бірінші Дүниежүзілік соғыста болған оқиғалар! Екі жақ, яғни Түркия мен Қазақстан сол дәуірдің ескерткіштерін сақтап қалған. 11000 австралиялық, жаңазеландиялық, түрік сарбазы Анзақ мүйісінде жерленген. Австрия-венгрия әскерінің 130-ға тарта әскери тұтқыны Түпқараған мүйісінде соңғы сапарға аттанды. Екі жақтың да жергілікті тұрғындары өткен күннің естеліктерін сақтап, мәдениеттің Ұлы Державаларының ұстанымдары мәдениеттердің алуандығын көрсете отырып, халықтардың ескерткіштерін қорғауда.

«Австрия-венгрия стеласы» этномәдени жобасының орындаушысы Наталья Задерецкая.

Фото автордікі


Фото

Комментировать могут только зарегистрированные пользователи
Тіркеу Кіру
-feedbacks- (0)
BOOKING.COM
БРОНИРОВАНИЕ ОТЕЛЕЙ

Ауа райы

Aktau


Валюта

USD 1 KZT: 0.002993
1 USD: 334.110000
EUR 1 KZT: 0.002534
1 EUR: 394.650000
RUB 1 KZT: 0.172117
1 RUB: 5.810000